Шолу
Аландар, немесе Яньцай, б.з.б. 1 мыңжылдықтың соңы мен б.з. 1 мыңжылдықтың басында Батыс Қазақстан мен Солтүстік Кавказ даласын мекендеген көшпелі тайпалар бірлестігі. Олардың этногенезінің алғашқы кезеңі Орта Азия мен Қазақстанның ішкі аудандарымен байланысты. Қытай жазбаларында б.з.б. 1 ғасырда Каспий мен Арал теңіздерінен Орал жоталарына дейінгі кең алқапты мекендеген Яньцайдың 100 000-ға жуық әскер шығара алғаны айтылады. Б.з. 1 ғасырдың соңы мен 2 ғасырдың басында Яньцай атауы Алания болып өзгертілген. Аландардың мәдениеті Арал-Каспий теңіздерінің солтүстігіндегі қорған ескерткіштері бойынша зерттелген. Олар қой мен жылқы өсірген. Солтүстік Кавказ аландары (осетиндердің ата-бабалары) көшпелі мал шаруашылығынан егіншілікке көшкен.
Тарихи кезеңдер
Alans (414–416)
414 CE – 416 CE
Area: 225,102 km²
Alans (417–425)
417 CE – 425 CE
Area: 225,366 km²
Alans (426–438)
426 CE – 438 CE
Area: 217,937 km²