Шолу
Багам аралдары (ағылш. Bahamas), толық ресми атауы — Багам аралдары достастығы (ағылш. Commonwealth of the Bahamas) — Атлант мұхитындағы Флорида түбегінің Оңтүстік-шығыс жағалауынан Кубаның шығыс жағалауына дейінгі аумақта жатқан 700-ден астам аралдарды қамтитын мемлекет. Жерінің аумағы 13,9 мың км². Халқы 276 мың (1995), 85%-і зәңгілер мен мулаттар, 15%-і ақ нәсілділер. Астанасы — Нассо қаласының мемлекеттік тілі — ағылшын тілі. Негізгі діні — протестанттық. Британия достастығына енеді. Багам аралдарының билеушісі Ұлыбритания королевасы болып есептеледі де, елді оның өкілі — генерал-губернатор басқарады. Үкімет басшысы — премьер-министр. Заң шығару билігін сенат пен өкілдер палатасынан тұратын парламент жүргізеді. Ең ірі аралдары: Андрос, Үлкен Абако, Үлкен Багам. Жер бедері жазық. Теңіз деңгейінен орташа биіктігі 60 м. Климаты тропиктік, пассаттық. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 1100 —.