Шолу
Бермуд аралдары (ағылш. Bermuda) — Атлант мұхитының солтүстік-батысында, Солтүстік Американың Флорида түбегі жағалауынан оңтүстік-шығысқа қарай 900 км-дей жерде орналасқан. Барлығы шамамен 150-дей арал. Жерінің ауданы 53,3 км2, тұрғыны 61 мың адам (1993). Аралдар Ұлыбритания иелігінде. Климаты тропиктік қоңыржай ылғалды. Ең суық айының (наурыз) орташа температурасы 16,70С, ең жылы айы — тамыз (26°С). Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1350 мм. Аралдарды 1522 ж. испандық теңіз саяхатшысы Хуан Бермудес ашқан.