Шолу
Камерун (фр. Cameroun, ағылш. Cameroon), ресми — Камерун Республикасы (фр. République du Cameroun, ағылш. Republic of Cameroon, порт. Rio dos Camarões — «асшаяндар өзені») — Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көп. 475440 км2. Халқы 15,4 млн. адам (1999). Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т.б.) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т.б.), хауса (бата, мандара, т.б.) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады. Дәстүрлі нанымдарына сенушілер (25%) мен мұсылмандар (22%) да бар. Астанасы – Яунде қаласы. Елді президент басқарады (1982 жылдан П.Бийя). Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы орган бір палаталы парламент. Ұлттық мерекесі 1 қаңтар – Тәуелсіздік.
Тарихи кезеңдер
Republic of Cameroon (1960–1960)
1960 CE – 1960 CE
Capital: YaoundéArea: 423,776 km²
Republic of Cameroon (1961–2023)
1961 CE – 2023 CE
Capital: YaoundéArea: 465,259 km²
Republic of Cameroon (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: YaoundéArea: 465,259 km²