Шолу
Салоники немесе Селенік – Грекиядағы қала. Оның негізін б.з.б. 315 жылы Македония патшасы Кассандр қалаған. Орта ғасырға дейін Фессалоники деп аталған бұл қала Византия дәуірінде Константинопольден кейінгі маңызды қалалардың бірі болды. Салоникиден славян ағартушылары Кирилл мен Мефодий шыққан. Қала талай рет басқа халықтардың шапқыншылығына ұшырап, талан-таражға түскен. 1912-1913 жылдардағы Балқан соғысынан кейін Салоники Грекия құрамына енді. Қалада рим және византия дәуірінің көптеген ескерткіштері, соның ішінде Дмитрий, Апостолдар шіркеулері және София ғибадатханасы сақталған.
Тарихи кезеңдер
Commune of the Zealots (1344–1351)
1344 CE – 1351 CE
Area: 1,760 km²