Sholu
Егеменrepublic

Фолкленд аралдары

1900 CE

Қысқаша мәліметтер

Түрі
Егемен · republic
Кезеңі
1900 CE
Деректер сенімділігі
Жоғары

Шолу

Фолкленд аралдары (ағылш. Falkland Islands немесе Мальвина аралдары (ис. Islas Malvinas ) — Оңтүстік Америка құрлығының қиыр оңтүстікнің шығыс жағалауында, Атлант мұхитында орналасқан топарал. Ұлыбританияның иелігінде. Жер аумағы 12,2 мың км². Екі ірі аралдан — Батыс Фолкленд (Гран-Мальвина), Шығыс Фолкленд (Соледад) және 200-ге жуық шағын аралдардан тұрады. Негізгі екі арал төбелі жазықты келеді, ең биік жері — 705 м (Асборн тауы), жағалаулары қатты тілімделген, қолайлы теңіз қойнаулары көп. Климаты қоңыржай мұхиттық салқын, үнемі еспе жел соғады. Орташа темературасы қаңтарда (жаз) 15°С, ал шілдеде (қыс) 2°С, жылдық жауын-шашын мөлш. 700 мм. Қатал климат жағдайындағы өсімдік жамылғысы, негізінен шөптесінді және аласа бұталы. Жануарлардан теңіз сүтқоректілері мен құстың көптеген түрлері кездеседі. Пингвиндер, дельфиндер, кит, теңіз бахтағы, т.б. балық түрлері мол. Халқы 2,9 мың.

Фолкленд аралдары — Интерактивті картада зерделеу

Ғасырлар бойы аумақтардың өзгеруін, шекаралардың ауысуын көріңіз

Фолкленд аралдары (1900 CE) — Map, Timeline & History | Sholu