Шолу
Германия (нем. Deutschland ХФӘ: [ˈdɔʏtʃlant]), ресми атауы – Германия Федеративтік Республикасы (нем. Bundesrepublik Deutschland), ГФР (нем. BRD) — Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел. Германия Федеративтік Республикасы - орталық Еуропада орналасқан мемлекет. Кейбір түркі тілдерінде Алмания болып та аталады. Жер аумағы 356,96 мың км². 2023 жылғы қаңтардағы халық саны: 84,4 млн адам. Астанасы 1991 жылдан бері Берлин қаласы (халқы-3,46 млн.). Халқының 94%-і немістер (1998). Ресми тілі - неміс тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант және католик тармағын ұстанады. Халық саны бойынша дүние жүзінде 19-орында (ЕО-да 1-орын, Ресей мен Түркияны есепке алғанда Еуропада 3-орын) және территориясы бойынша дүние жүзінде 62-орында (Еуропада 8-ші). Германия 16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика. Әр аймақтың өз конституциясы, парламенты және үкіметі.
Тарихи кезеңдер
Federal Republic of Germany (1950–1957)
1950 CE – 1957 CE
Capital: BonnArea: 244,113 km²
Federal Republic of Germany (1958–1989)
1958 CE – 1989 CE
Capital: BonnArea: 247,244 km²
Federal Republic of Germany (1990–1990)
1990 CE – 1990 CE
Capital: BonnArea: 247,244 km²