Шолу
Ирак (араб.: العراق, күрд عێراق), ресми атауы – Ирак Республикасы (араб.: جمهورية العراق, күрд کۆماری عێراق) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км². Халқы 45 407 495 адам (2024). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — күрдтер, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдат қаласы (3 млн-нан астам). 1970 жылы қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан.
Тарихи кезеңдер
Republic of Iraq (2014–2023)
2014 CE – 2023 CE
Capital: BaghdadArea: 439,173 km²
Republic of Iraq (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: BaghdadArea: 439,173 km²