Шолу
Косово Республикасы (алб. Republika e Kosovës, серб. Република Косово / Republika Kosovo) — Югославия ыдырауының соңғы оқиғасында Сербиядан бөлініп шыққан ел. 17 ақпан күні Балқан түбегіндегі бар-жоғы 2 миллионға жуық халқы бар Косовоның «үй ішінен үй тігіп», өз тәуелсіздігін жариялап жіберуі — әлемдік қауымдастықты әрі-сәрі күйге түсіріп, бітіспес екі-үш жікке бөліп тастады. АҚШ бастаған Батыс елдері кішкентай Косовоның тілеуін тілеп жатса, Ресей мен Қытай секілді сепаратизмді әрең ауыздықтап отырған алып елдердің ұйқысы қашты. Әліптің артын бағып отырған елдер және бар. Шынында, Косово тәуелсіздігі — халықаралық қауіпсіздік үшін дабыл қағарлық жағдай болып тұр. Көптің көкейінде «Косово оқиғасы болашақта әлемді қайта бөлуге әкеп соқтырып жүрмей ме?» деген үрей басым. Өйткені Косовоның ар жағында бүкіл әлемде 200-ден астам тәуелсіздігі танылмаған елдердің тағдыры талқыға.
Тарихи кезеңдер
Kosovo (2000–2005)
2000 CE – 2005 CE
Capital: PristinaArea: 11,249 km²
Kosovo (2006–2023)
2006 CE – 2023 CE
Capital: PristinaArea: 11,344 km²
Kosovo (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: PristinaArea: 11,344 km²