Шолу
Мадагаскар Республикасы (Үлгі:Lang-mg [republiˈkʲan madaɡasˈkʲarə̥], фр. République de Madagascar) — Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Халқы 28,3 млн. (2020), негізгі тұрғындары малагасийлер (98%). Арал тұрғындарының жартысына жуығы жергілікті діни сенімдерді ұстанады (45%), қалғандары христиандар (40%) мен мұсылмандар (15%). 1993 ж. қабылданған конституциясы бойынша елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (ұлттық жиналыс пен Сенат). Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. 1960 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБҰ) мүше.
Тарихи кезеңдер
Madagascar (1960–2023)
1960 CE – 2023 CE
Capital: AntananarivoArea: 616,182 km²
Madagascar (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: AntananarivoArea: 616,182 km²