Шолу
Малави Республикасы (ағылш. Republic of Malawi; 1964 жылға дейін Ньясаленд, ағылш. Nyasaland) — Оңтүстік Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 118,48 мың км². Халқы — 19,687 млн. адам. Астанасы — Лилонгве қаласы. Ресми тілдері — ағылшын және ньянджа. Халқының 40%-ы христиандар, 20%-ы мұсылмандар, 40%-ы жергілікті наным-сенімдерді ұстанушылар. Ұлттық құрамы: банту тобына жататын халықтар (чева, ньянджа, тумбука, нгони, яо) (99,7%), еуропалықтар, пакистандықтар, үнділер. Конституциясы бойынша мемлекет және үкімет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы ұлттық жиналыс. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 6 шілде. Ақша бірлігі — Малави квачасы.
Тарихи кезеңдер
Malawi (1967–1975)
1967 CE – 1975 CE
Capital: LilongweArea: 92,974 km²
Malawi (1976–2023)
1976 CE – 2023 CE
Capital: LilongweArea: 92,861 km²
Malawi (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: LilongweArea: 92,861 km²