Шолу
Миттания – б.з.б. 1500 – 1360 жылдары Месопотамияның солтүстігінде өмір сүрген ежелгі мемлекет. Миттания өзінің даму шегіне жеткенде шығысында Киркук қаласы мен Загрос тауынан басталып, батысында Ассирия арқылы өтетін Жерорта теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Миттанияның орталық астанасы Вассукани қаласында орналасқан Хабур өзенінің маңы болды. Миттания – үнді-ирандықтар Месопотамия мен Сирияда негізін қалаған шағын мемлекеттер мен патшалықтардың бірі. Бұл үнді-ирандық тайпалар Месопотамиядағы хуррит тайпаларымен аралас мекендеп, көп ұзамай марианну деген атқа ие болған билеуші топқа айналды. Алғашқы жылдардан-ақ Миттанияның сыртқы саясаты Египеттен Сирия аумағына бақылау жүргізу үстемдігін тартып алуға бағытталды. Тутмос ІV (б.з.б. 1425 – 27) тұсында Египет пен Миттания арасында дипломаттық қатынастар орнады. Миттанияның ең беделді патшасы Ассирия тағынан үміткер болған Саустатар (Шауштатар) (б.з.б. 1500 – 1450), соңғы тәуелсіз.
Тарихи кезеңдер
Mitanni (-1500–-1401)
1500 BCE – 1401 BCE
Capital: Tell el FakhariyaArea: 189,149 km²
Mitanni (-1400–-1301)
1400 BCE – 1301 BCE
Capital: Tell el FakhariyaArea: 181,413 km²
Mitanni (-1300–-1241)
1300 BCE – 1241 BCE
Capital: Tell el FakhariyaArea: 48,934 km²