Шолу
Мьянма Одағының Республикасы (бирм. ပြည်ထောင်စု သမ္မတ မြန်မာနိုင်ငံတော်, ХФӘ: [pjìdàʊɴzṵ θàɴməda̰ mjəmà nàɪɴŋàɴdɔ̀]), қысқартылған — Мьянма (бирм. မြန်မာ), бұрын Бирма — Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үндіқытай түбегінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 678,5 мың км². Халқы – 41,7 млн. (2000). Астанасы – Нейпьидо қаласы(3,5 млн.). Мьянма 7 ұлттық облыс пен 7 әкімшілік облыстан құралған. Халқының көпшілігін (70%) бирмалықтар құрайды, қалған этникалық топтардың саны жағынан ірілері: шан, карен, чин, мон, т.б. Мемлекеттік тілі – бирма тілі, ағылшын, қытай және жергілікті тілдер (карен, мон) де қолданылады. Халқының 85%-ы будда дінін ұстанады, қалғандары: христиандар, индуистер, мұсылмандар. Мьянмадағы басқару жүйесі – республикалық. Жоғарғы заң шығарушы органы – Бейбітшілік пен дамудың Мемлекеттік Кеңесі (БПДМК). Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Мемлекет пен үкімет басшысы – БПДМК-нің төрағасы. Ұлттық мейрамы –.
Тарихи кезеңдер
Union of Myanmar (1990–2023)
1990 CE – 2023 CE
Capital: NaypyidawArea: 675,971 km²
Union of Myanmar (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: NaypyidawArea: 675,971 km²