Шолу
Нигер (фр. Niger [niˈʒɛʁ] тыңдау), ресми — Нигер Республикасы (фр. République du Niger) — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы – 1267 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Жергілікті тұрғындары хаусалар 4,2 млн., джерма 2,3 млн., фульбелер 1,3 млн-ға жуық, туарегтер 900 мың, канурилер 800 мың. Олардан басқа тубулер, сонгаилар, гурмалар қоныстанған. Елде 50 мың сириялықтар, ливандықтар, француздар бар. Астанасы – Ниамей қаласы Әкімшілік жағынан 7 департаментке, 33 округке бөлінеді. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 80%-ы мұсылман-сүнниттер, 1%-ы христиандар, қалғандары жергілікті наным-сенімдерді ұстанады. 1989 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – ұлттық жиылыс. Жоғарғы атқарушы органы – үкімет. Ақша бірлігі – Африка қаржы қауымдастығының франкі. Ұлттық мейрамы 18 желтоқсан – Республика күні (1958), БҰҰ-ның.
Тарихи кезеңдер
Republic of the Niger (1961–2023)
1961 CE – 2023 CE
Capital: NiameyArea: 1,178,830 km²
Republic of the Niger (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: NiameyArea: 1,178,830 km²