Шолу
Кабо-Верде Республикасы (порт. República de Cabo Verde) — Батыс Африка жағалауларына жақын Атлант мұхитындағы 8 ірі және 10 ұсақ аралда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 4033 км². Халқы – 406 мың адам (1999). Негізгі тұрғындары португалдар мен африкалықтар арасынан шыққан мулаттар (60%), сондай-ақ, банту (35%), баланте, мандьян, т.б. жергілікті ұлыстар мен еуропалықтар (3%), т.б. Ресми тілдері – португал тілі мен креол тілі. Тұрғындарының 90%-ынан астамы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Прая қаласы. (80 мың). Мемлекет басшысы – президент Ұлттық ассамблея депутаттары арасынан 5 жыл сайын сайланып отырады. (1996 жылдан – А.Машкареньяш Монтейру). Заң шығарушы органы – Ұлттық ассамблея (бір палаталы парламент) 79 депутаттан тұрады. Ұлттық мейрамы 5 шілде – Тәуелсіздік күні (1975). Ақша бірлігі – эскудо.
Тарихи кезеңдер
Republic of Cabo Verde (1976–2023)
1976 CE – 2023 CE
Capital: PraiaArea: 9,233 km²
Republic of Cabo Verde (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: PraiaArea: 9,233 km²