Шолу
Сент-Винсент және Гренадиндер (ағылш. Saint Vincent and the Grenadines) — Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобына жататын Сент-Винсент аралы мен Гренадина аралдар тобының солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 389 км². Халқы — 115 мың адам (2000). Астанасы — Кингстаун қаласы. Халқының 33%-ы қара нәсілдер, 19%-ы мулаттар, қалғандары еуропалықтар мен үндістер. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ұлттар достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған ген.-губернатор басқарады. Жоғары заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (жиналыс палатасы). Атқару билігі премьер-министр басқаратын үкімет қолында. Халқының көпшілігі христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Әкімшілік жағынан 6 ауданға бөлінеді. Ақшасы — шығыс кариб доллары. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 27 қазан (1979) Сент-Винсент және Гренадина Кариб қауымдастығының (1974), БҰҰ-ның.
Тарихи кезеңдер
Saint Vincent (1969–2023)
1969 CE – 2023 CE
Capital: KingstownArea: 565 km²
Saint Vincent (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: KingstownArea: 565 km²