Шолу
Сан-Марино (итал. San Marino), ресми атауы — Сан-Марино Мәртебелі Республикасы (итал. Serenissima Repubblica di San Marino) — Eуропада Италияда орналысқан ел. Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 км². Халқы 519,9 мың адам (2018). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы — Сан-Марино қ. Әкімш. жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі — италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Мемл. жоғ. атқарушы органы — бір палаталы Үлкен бас кеңес. Ақша бірлігі — италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан (ең биік нүктесі 749). Климаты субтропиктік жерортатеңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы 0 — 12°С, шілдеде 20 — 28°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 800 — 900 мм. Сан-Мариноның негізі 301 ж. қаланды деп саналады. Аңыз бойынша.