Шолу
Скифтер (көне грекше: Σκύθης, Σκύθαι), Скифтер патшалығы — Қара теңіздің солтүстік жағалауын мекендеген ежелгі тайпалар бірлестігі. Олар сарматтар мен сақтарға туыстас еді. Б.з.б. V ғасырда скифтер қоғамында алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, егіншілік пен мал шаруашылығы дами түсті. Геродоттың мәлімдеуінше Днепрдің батысында егінші скифтер, ал шығысында малшы скифтер қоныстанған. Сонымен қатар олар Азов түбегі маңында “патшалық” скифтер болғанын, олардың көшпелі тұрмыс кешетіндігін, доңғалақты киіз үйлерде тұратындығын мәлімдейді. Ежелгі грек авторларының жазбаларына қарағанда, скифтер арасында құл иеленушілік орын алған. Құлдар негізінен көршілес елдерге жасалған жорықтар кезінде қолға түскен тұтқындардан тұрған. Скифтердің тайпалық бірлестігін құруда Атей патшаның белсенділік танытқаны жайлы деректік мәліметтер сақталған. Оның билігі тұсында скифтер Доннан Төменгі Дунайға дейінгі аралықты мекендеді. Б.з.б. III ғасырдың соңында скифтер патшалығының астанасы Неапол (Симферопол маңы).
Тарихи кезеңдер
Scythia (-650–-551)
650 BCE – 551 BCE
Area: 1,687,900 km²
Scythia (-550–-451)
550 BCE – 451 BCE
Area: 644,921 km²
Scythia (-450–-405)
450 BCE – 405 BCE
Area: 732,118 km²
Scythia (-404–-351)
404 BCE – 351 BCE
Area: 732,118 km²
Scythia (-350–-226)
350 BCE – 226 BCE
Area: 365,504 km²
Scythia (-225–-224)
225 BCE – 224 BCE
Area: 365,504 km²