Шолу
Шaйбани әулеті (өз. Shayboniylar) — өзбек билеушілері (1500 – 98). Шaйбани әулеті Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шайбаннан тарайды. Әулеттің негізін салушы Әбілхайыр ханның немересі, шаһ Будақ сұлтанның баласы Мұхаммед Шайбани хан Дешті Қыпшақ даласы үшін болған соғыста қазақ және ноғай билеушілерінен жеңілгеннен кейін 1500 жылы Мәуереннаһр мен Хорасанды басып алып, өз билігін орнатты. Бірақ 1510 жылы Иран шаһы Сефеви әулетінен шыққан I Ысмайыл оны Мерв түбінде талқандады. Шайбани ханның мұрагері Күшкүнжі хан (1510 – 30) өліп, оның ұлы Әбу Саидтың (1530 – 33) билігінен кейін мемлекет басына немересі Ұбайдолла хан (1533 — 39) келді. Шaйбани әулетінің билеушілері өздерін Темір әулетінің мұрагерлері деп есептеді. Әулеттің ең көрнекті өкілі Абдулла хан болды. Оның қаза табуы және баласы Абд әл Мүминнің.
Тарихи кезеңдер
Shaybanids (1497–1501)
1497 CE – 1501 CE
Area: 395,934 km²
Shaybanids (1502–1506)
1502 CE – 1506 CE
Area: 686,472 km²
Shaybanids (1507–1511)
1507 CE – 1511 CE
Area: 1,747,756 km²