Шолу
Сент-Китс және Невис Федерациясы (ағылш. Federation of Saint Kitts and Nevis, [seɪnt ˌkɪts ænd ˈniːvɪs] тыңдау), сонымен қатар Сент-Кристофер және Невис федерациясы (ағылш. Federation of Saint Christopher and Nevis) — Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет, Кариб теңізінің ең кіші мемлекеті. Мемлекет аумағы — 261 км². Халқының саны — 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жарымшардағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ұлыбритания монархы басқаратын Ұлттар Достастығы мүшесі. Астанасы — Бастер қаласы. Халқы 40 мыңға жуық (2000), 86%-ын жергілікті тұрғындар (негізінен африкалықтар), қалғандарын еуропалықтар құрайды. Ресми тілі — ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — Ұлыбритания.