Шолу
Тунис (араб.: تونس), ресми атауы — Тунис Республикасы (араб.: الجمهورية التونسية, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.
Тарихи кезеңдер
Republic of Tunisia (1956–2023)
1956 CE – 2023 CE
Capital: TunisArea: 151,479 km²
Republic of Tunisia (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: TunisArea: 151,479 km²