Sholu
Егеменmonarchy

Ұлыбритания

1707 CE

Қысқаша мәліметтер

Түрі
Егемен · monarchy
Кезеңі
1707 CE
Деректер сенімділігі
Жоғары

Шолу

Ұлыбритания (ағылш. Great Britain), немесе Біріккен Патшалық (United Kingdom, қысқартылған: UK), толық ресми аталуы — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы (ағылш. The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 62,6 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, валлиліктер мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Ұлыбритания — Интерактивті картада зерделеу

Ғасырлар бойы аумақтардың өзгеруін, шекаралардың ауысуын көріңіз