Шолу
Біріккен Танзания Республикасы (суах. Jamhuri ya Muungano wa Tanzania [tanzaˈni.a], ағылш. United Republic of Tanzania [ˌtænzəˈniːə] немесе [tænˈzeɪniə]) — Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Ұлттар Достастығының бөлігі. Солтүстігінде Кения мен Уганда, батысында Руанда, Бурунди және Конго Демократиялық Республикасымен, оңтүстігінде Замбия, Малави және Мозамбикпен шектеседі. Үнді мұхиты - шығыс шекарасы. Астанасы - Додома. Ақша бірлігі - Танзания шиллингі. Халқы шамамен 61 млн.