Шолу
Йемен (араб.: اليمن), ресми атауы — Йемен Республикасы (араб.: الجمهوريّة اليمنية) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекеттік дін – ислам (шиит, суннит, исмаилит ағымдары қатар дамыған). Астанасы – Сана (1 млн.), Аден экономикалық астана болып есептеледі. 1991 жылы қабылданған конституциясы бойынша, мемлекет басшысы президент пен вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады (1994 жылдан – А.А. Салех). Осы екі лауазымды басшы.
Тарихи кезеңдер
Republic of Yemen (1990–2023)
1990 CE – 2023 CE
Capital: SanaaArea: 463,046 km²
Republic of Yemen (2024–2024)
2024 CE – 2024 CE
Capital: SanaaArea: 463,046 km²